A+ A A-

talgatzhan 23 4-09-2024, 17:10 0

ШҚО-да Моңғолиядан келген қандастар үй алуға берілген ақшаны жымқырып келген

ШҚО / Қылмыс

Шығыс Қазақстан облысында Моңғолиядан келген қандастардың үй алуға берілген ақшаны жымқырып келген схемасы анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Өңір прокуратурасы басқа елдерден азаматтарды көшіру үшін тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаудың қылмыстық схемаларын анықтады. Қаражат жалған сатып алу-сату келісімдері және үй сатушылармен сөз байласу арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұрланған. Оларға мансап орталығының қызметкері көмектесіп отырған.

Мәселен, 2024 жылдың басында Моңғолиядан қоныс аударған үш отбасы жалпы сомасы 18 млн теңгеге тұрғын үй сатып алуға келісім-шарт жасасқан. Ал шынында үйдің бағасы 9 млн теңге тұрған. Осылайша, қандастар мен шенеунік 9 млн теңгені қалтаға басқан. Ол ақшаны жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде көлік сатып алуға жұмсады.

Тағы бір жағдайда қоныс аударушы 8 млн теңге сомасында үйді сатып алу-сату шартын жасасқан, оның 4 млн теңгесі экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы төленген.

Тексеру барысында сатып алынған үйдің қирағаны, тұруға жарамсыз екені, ақшаны заңсыз алу мақсатында жалған келісім-шарт жасалғаны анықталды. Осы фактілер бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив