A+ A A-

28 7-10-2024, 15:20 0

«Өлең-жырды жанына серік қылған». Өскеменде аягөздік ақынмен кездесу өтті

ШҚО / Бүгін

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ермек Дайырбаевпен кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ермек Дайырбаев 1982 жылы Аягөз ауданына Сарыарқа ауылында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы ШҚУ филолог мамандығы, Қазақ Американ Еркін Университетінің заңтану мамандығы түлегі.
Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің 3 дүркін лауреаты. Бірнеше облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтың, «Ұлы Дала-2021» республикалық байқауының лауреаты, ақын А.Ибраев, Т.Нұқайұлы атындағы және ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы және тағы да басқа арнаулы сыйлықтардың  иегері.
«Шабыт», «Қос қанат», «Жас қалам», «Ұлы Жеңіске 70 жыл», «Алтай әуендері», «Алтайым алтын бесігім», «Абай сериясы» кітаптар топтамалары «Кешір ұрпақ өскелең» сынды оннан астам ортақ жинақ кітаптарға өлеңдері енген. 2018 жылы «Көкжиегімнің көктемі» жыр жинағы жарық көрген.

 
Өлеңдері мен шығармалары әр жылдары «Аягөз жаңалықтары», «Дидар», «Шығыс үні», «Тіл мен Діл», «Ұлан», «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Ана тілі», «Ұстаз», «Қазақстан мектебі» газеттері,  «Ақ Ертіс-Иртыш», «Жұлдыз», «Жалын», «Таңшолпан» «Қазақстан әйелдері» журналдарында, тағы да басқа басылымдарда жарияланған. «Абай», «Ұлт», «Әдебиет» порталдарында шығармалар жинағы жарық көрген.
Қазақстан Республикасы «Ақпарат саласының үздігі». Аягөз аудандық Мәслихатының VII және VIII шақырылымдарының депутаты. Қазіргі таңда «Аягөз жаңалықтары» аудандық газетінің Бас редакторы.
- Ермек Тұрсынұлы өлкемізге танымал ақын Серік Ғабдуллаұлының шәкірті, ақын ағамыз Өскеменде құрған «Шабыт» ақындар мектебінің түлегі. Қызмет бабымен әдеби ортадан шалғай жүрсе де, жүрек сырын қалам ұшында әлдилеп, өлең-жырды жанына серік қылған Ермектің жыр кешінде жалынды жырлар оқылып,  жастарға  мотивация беретін тамаша кеш болды, - деді ұйымдастырушылар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив