A+ A A-

talgatzhan 1 26-09-2025, 11:00 0

Өскеменде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

ШҚО

Өскеменде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы (ЖПІШ) жалғасуда. Оның басты мақсаты – пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың қайта құқықбұзушылық жасауын алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Рейд барысында пробация қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, есепте тұрғандардың тұрмыс жағдайы мен еңбекпен қамтылуын, сондай-ақ пробациялық бақылау талаптарын сақтауын тексеруде.
Сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізуге, олардың міндеттерін түсіндіруге және құқықбұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін ескертуге ерекше көңіл бөлінуде.
Бақылаумен қатар, сотталғандарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жұмыстар да атқарылуда. Іс-шараға өзге мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың мамандары тартылып, есептегі тұлғаларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Сол жағалау аудандық пробация қызметінің қызметкері, әділеттің аға лейтенанты Жұлдыз Бөкеева атап өтті:
«Атқарылып жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты – тек есептегі азаматтарды бақылау ғана емес, сонымен қатар оларға әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету. Біз профилактикалық әңгімелер өткізіп, олардың міндеттерін түсіндіреміз, құқықбұзушылықтардың алдын аламыз. Мұндай жұмыс қайталама қылмыстың деңгейін төмендетуге және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға септігін тигізеді».
Іс-шара аясындағы жұмыстарға қатысты пікірін Сол жағалау аудандық ҚАЖ бөлімінің кадр бөлімінің бастығы Ерасыл Төлегенов те білдірді:
– “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасының тиімділігі – барлық қатысушы құрылымдардың үйлесімді жұмысында. Полиция, пробация қызметі немесе өзге де мемлекеттік және қоғамдық ұйым мамандары болсын – әрқайсысы қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда. Біз тек бірлескен жұмыс арқылы ғана қайталама құқықбұзушылықтың алдын алып, есептегі азаматтардың қоғамға бейімделуіне нақты көмек көрсете аламыз деп сенеміз», – деді Ерасыл Төлегенов.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Алдағы уақытта пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметі құқықбұзушылықтардың алдын алу және қаладағы құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында жүйелі рейдтер мен профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив