Өңір әкімінің сөзінше, облыстық басқарма басшылары өз саласындағы мәселелерден хабардар болса да, ашып айтпайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жуықта облыс әкімдігінде өткен мәслихат отырысында әр саладағы өзекті тақырыптар әлі де шешімін таппай жатқаны сөз етілді.
- Басқарма басшылары, сіздер нендей мәселелер қордаланып жатқанын жақсы білесіздер. Бірақ шығып, ақпаратпен бөліскенде ол туралы жақ ашпайсыздар, - деді аймақ әкімі.
Жауапты тұлға шенеуніктерге жұмысын қорытындылап қана қоймай, қандай қиындықтар барын жеткізуді де қадап айтты.
Пікірлер