A+ A A-

talgatzhan 22 15-10-2024, 10:30 0

Әлібек Асқаров «ШҚО-ның Құрметті азаматы» атанды

ШҚО / Катонқарағай / Бүгін

Бұл туралы ақпарат жуырда облыс әкімдігінде өткен мәслихат сессиясы кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Катонқарағайлық қаламгерден бөлек, тізімде тағы төрт адам бар. Атап айтсақ, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Борис Щербаков, Өскемен қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сағынбек Ақанов, Алтай аудандық жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының мүшесі Николай Игнашин, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаты Ғани Шаймарданов бар. 
Бұған дейін осы атақ ғасыр жасаған соғыс ардагері Құрмат Рахимовқа, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділғазы Шерубаевқа, 55 жылын медицинаға арнаған Михаил Колесниковке және кәсіпкер Сергей Коротинге берілген болатын.

Фотосурет kazpravda.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив