ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамовтың ақпаратынша, тұрғындарға арналған жеңілдіктер бағдарламасы шеңбері әрі қарай кеңеймек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қолда бар мәліметке сүйенсек, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін жол жүруді қамтамасыз ету үшін 178,1 миллион теңге бөлінді. Бұл шара биыл 5312 баланы қамтыды. Басшының міндетін атқарушы келер жылы жеңілдіктер бағдарламасын кеңейту жоспарланып отырғанын айтты. Атап айтқанда, мемлекеттік дәрежеде марапатталған көпбалалы аналарға тегін жол жүру құқығын беру көзделген.
- Өскемен қаласында электронды билеттеу жүйесі мен көлікті «Oskemen bus» қосымшасы арқылы онлайн бақылау жүйесі қарқынды дамып келеді. 2021 жылдан бері Өскемен және Риддер қалаларында автобустар паркін жаңарту бағдарламасы іске асырылуда. 2024 жылы 195 автобус және 26 шағын автобус сатып алынып, көлік құралдарының 80%-ы жаңартылды, – деді Қуаныш Акрамов.
Пікірлер