A+ A A-

admin 32 16-10-2024, 15:30 0

ШҚО-да мемлекеттік қызметкер әкімді сотқа берді

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкер қызметтік тұрғын үйді өз атына аударып алғысы келген. Бірақ бұған әкім келіспеді. Сөйтіп іс сотқа жеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік қызметкер әкімнің пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы шешімімен келіспей, сотқа шағым түсірген. 

Әкім бас тарту себебін қызметтік пәтер баланста тұрған мемлекеттік орган мен қызметкердің арасында еңбек келісімшарты жоқтығынан деп түсіндірген. Ал талапкер мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі барын және экологиялық апат аймағында тұрған адам ретінде бұл пәтерді жекешелендіру құқығына ие екендігін жеткізген.

«Талапкердің жалпы еңбек өтілі — 40 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі — 35 жыл. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес, егер адамның мұндай тәжірибесі болса және атында үйі болмаса онда қызметтік пәтерді жекешелендіруге құқылы», — делінген ақпаратта.

Осылайша, сот мемлекеттік қызметкердің талап арызын қанағаттандырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив