A+ A A-

talgatzhan 31 16-10-2024, 15:50 0

ШҚО-да құрылыс құжаттарын дұрыс рәсімдемеген тұрғын-үй кешендерінің тізімі шықты

ШҚО / Бүгін

Ресми мәліметпен Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциялау бөлімінің басшысы Самат Қайырдинов бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлға Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында құрылыс саласындағы кемшіліктерге тоқталып, атқарылған жұмыстарын қорытындылады.
Мәлім болғандай,  Өскеменде қазір 57 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Олардың 12-сі бюджет қаражатынан, ал 45-і коммерциялық негізде бой көтеруде. Алайда тексеріс нәтижесінде 7 тұрғын үй кешенінің құрылысқа қажетті құжаттар жиыны толық емес екені анықталды.
Құжаттарды дұрыс рәсімдемеген нысандар тізіміне мыналар кіреді:

1. ЖК «Astoria», құрылысшысы ТОО «Дейнека»;
2. ЖК «Шаңырақ», құрылысшысы ТОО «Шанырак Ел»;
3. ЖК «Asyl Tau», құрылысшысы ТОО «Орда Трейдинг»;
4. ЖК «MUZ TAU», құрылысшысы ТОО «Премиум Строй НС»;
5. ЖК «Krilova», құрылысшысы Шелинговский Максим;
6. ЖК «Emeralds», құрылысшысы ТОО «Royal Finance group»;
7. Сол жақ жағалау, 85-ші нысан, құрылысшысы ТОО «Технология комфорта».

Сонымен қатар, құрылысы ырың-жырыңға айналған екі нысан анықталды: ЖК «Emeralds» және ЖК «Astoria». Аталған нысандарда құрылыс үшін қажетті құжаттар жоқ. Салдарынан үлескерлер үрейленіп отыр.
- Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты, тұрғындарға және ықтимал сатып алушыларға келісімшартқа қол қоймас бұрын барлық қажетті құжаттарды мұқият тексеруді ұсынамыз. Ол үшін Қазақстан Жаңғырту компаниясының (ҚЖК) тұрғын үй порталындағы (homeportal.kz) ақпаратты пайдалануға болады, онда нысандардың құрылысқа қатысты рұқсат құжаттарының жағдайы туралы мәліметтер жарияланған, - деді Самат Қайырдинов.
Осы шаралар сақтау тұрғын үй сатып алу мен үлестік қатысу мәселелерінде туындайтын қиындықтарды болдырмауға көмектеседі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив