A+ A A-

talgatzhan 24 16-10-2024, 16:00 0

ШҚО-да Нан күніне орай көрме-жәрмеңкелер өтіп жатыр

ШҚО / Бүгін

16 қазан – Нан күніне орай өңірде диқандардың, ұн тартушылар мен наубайшылардың еңбегін ескеру мақсатында бірқатар шара қолға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы дерегінше, жеті ай ішінде (қаңтар-шілде) облыстан жалпы құны 190,5 миллион доллар құрайтын 429,8 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталған. Оның ішінде, бидай – 146,6 мың тонна, құны ­– 31,3 млн доллар. Облысқа 214,9 млн доллар болатын 2121,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері импортталды. Оның ішінде:
1) 103,3 мың тонна бидай (104,4 млн доллар);
2) 2,5 мың тонна нан, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер (5,8 млн доллар) бар.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, өңірде нан-тоқаш өнімдерін шығаратын 81 орта және шағын кәсіпорын бар, олардың жылдық қуаты – 22,5 мың тонна.
Ұлттық статистика бюросы дерегінше, жыл басталғалы сегіз айда облыста 11,7 мың тонна нан, 0,75 мың тонна кондитерлік өнімдер, 0,25 мың тонна тәтті тоқаш өндірілді.
Өскемендегі «Каравай» ЖШС, «Эко Агро» ЖШС, «Нива Востока» ЖШС, Глубокое ауданындағы «Шақан Ата» ЖШС наубайханаларында нан-тоқаш өнімдерінің жүзден аса түрі шығады.
Мысалы, «Береке Нан» ЖК облыс аумағын денсаулыққа пайдалы ашытқысыз нан-тоқаш өнімдерімен қамтып отыр.
Облыста бірнеше наубайхана аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді, нан бағасын тұрақтандыру бағдарламасына қатысады.
Қазір аудан орталықтарында іс-шара жоспары аясында наубайханашылар арасында көрме жарыстар өтуде. 7 аудан орталығында тиісті іс-шара өтті. Аудан басшылары жеңімпаздарды анықтап, облыстық деңгейде марапаттауға ұсынады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив