A+ A A-

talgatzhan 25 17-10-2024, 17:34 0

ШҚО-да енді жекеменшік балабақшалар мен лагерьлерде тексеріс жүргізіледі

ШҚО

Бұл шешім Өскемендегі балаларға арналған мекемелердің бірінде болған қайғылы оқиғадан кейін қабылданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазіргі таңда балаларға арналған жекеменшік орталықтар ашу өте оңай. Бұл салада лицензия алу талап етілмейді.
– Өскемен қаласында 500-ден астам осындай білім беру мекемесі бар. Олардың қалай жұмыс істейтіні, қандай шарттармен әрекет ететіні беймәлім. Мысалы, қалада сан түрлі математика пәнін оқытатын репетиторлар бар, ұзартылған күн тобы, тіл орталығы сынды басқа да қызметтер жетерлік. Сондықтан оларды бақылау өте қиын, – деді ШҚО-дағы балалар омбудсмені Ақсана Қаленова.
Ол қайғылы оқиғадан кейін балалар құқықтарын қорғау комитетіне жүгінгенін айтты.
– Мен балаларға арналған білім беру мекемелерінің жұмыс істеу ережелерін әзірлеу керек деп ұсыныс хат жолдадым. Әсіресе, санитарлық, кадрлық нормалар және басқа да талаптар бекітілген ережелер қажет. Бұл мәселе қазіргі уақытта қарастырылып жатыр. Дегенмен лицензиялау туралы сөз қозғалған жоқ, себебі бұл бизнестің өз мүддесіне тиесілі дүние. Егер мұндай мекеме ашылып жатса, олар міндетті түрде басқармаларға хабарлауы тиіс, – деді ол.
Сонымен қатар, аймақтық деңгейде қоғамдық бақылау топтары құрылуы мүмкін. Ал қайтыс болған Арсений Цурановтың туыстары кінәлілер жазасын өтеуі тиіс екенін айтып отыр. Баланың әкесі Роман Цурановтың айтуынша, қараусыз қалған баланы қадағалайтын тәрбиеші болмаған. Ал бүгінде тиісті органдар бұл оқиғаны жай ғана төтенше жағдай ретінде қарастыруда. 
Естеріңізге сала кетейік, биыл шілде айында облыстағы лагерлердің бірінде 8 жастағы Арсений Цуранов әткеншектен құлап, 12 күннен кейін қайтыс болған еді. Баланың ата-анасы әткеншектің ескі болғанын және балалардың бақылаусыз қалғанын айтты. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив