A+ A A-

talgatzhan 36 18-10-2024, 09:29 0

ШҚО-да биыл 200 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

ШҚО

Өткен жылмен салыстырғанда өңірде ЖРВИ жұқтырғандардың саны екі есеге артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің хабарлауынша, тоғыз ай ішінде өңірде аталған аурудың 200 803 жағдайы, сондай-ақ тұмаудың 228 зертханалық расталған жағдайы тіркелген. 
Ал өткен жылдағы көрсеткіш бұдан төмен. Нақты айтқанда, ЖРВИ-дің 122 151 жағдайы және тұмаудың 43 расталған жағдайы анықталды.
— Биыл ЖРВИ санының 1,74 есе, тұмаудың 5,6 есе өсуі байқалады. Бұл ретте сырқаттанушылық деңгейі көпжылдық статистика деректері бойынша есептелген ең жоғарғы деңгейден аспайды. ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанғандар санының өсуіне осы жылдың метеорологиялық жағдайлары себепші. Салыстырмалы түрде жылы күздің, қыс және көктем мезгілдерінің ерте келуі вирустың ауада көбірек таралуына ықпал етеді, — деді департамент мамандары.
Науқастанғандардың басым бөлігі Өскеменде тіркелген — 
ЖРВИ-нің 113 804 жағдайы (науқастардың жалпы санының 59,9%) және тұмаудың 136 жағдайы (59,6%). Екінші орында Глубокое ауданы тұр, ЖРВИ жұқтырғандар 12%-ды құрайды. Әрі қарай Риддер қаласы, Шемонаиха және Алтай аудандары тұр. 
Күзде де осы вирустың өсуі байқалған, 33 864 жағдай тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есе жоғары. Осы маусымда тұмау жұқтырғандардың нақты саны әлі анықталған жоқ.
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшылығы биыл облыста негізінен риновирустар таралатынын, сондай-ақ қоздырғыштар арасында аденовирустар, респираторлық-синцитиальды вирустар, бокавирустар мен коронавирустар анықталғанын айтады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив