"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалы өкілдері 19-20 қазан күндеріне арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сенбі күні Өскемен қаласында сынап бағанасы +3+5°C көрсетеді. Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жексенбіге қараған түні де осындай күн райы сақталады, температура -2-4°C. Жексенбі күні облыс орталығында ауа-райы құбылмалы. Алайда жаңбыр жаумайды деп күтіледі, сынап бағанасы +6+8°C шамасында болмақ.
- Облыс аумағында сенбі күні температура 0°C пен +5°C аралығын көрсетеді. Солтүстігі мен шығысында қар, ал оңтүстігінде жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Жексенбіге қараған түні -2-7°C, облыстың шығысында, қар, боран соғуы мүмкін. Қалған аймақтарда жексенбі күні сынап бағанасы +5+10°C көрсетеді, - деді мамандар.
Пікірлер