A+ A A-

talgatzhan 52 22-10-2024, 10:52 0

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір тегін болады

ШҚО / Бүгін

Өңір тұрғындарын алаңдатқан сұраққа Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жауап берді, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

Министрлік берген мәліметке сүйенсек, көпірден өту тегін болады.
- Алдағы уақытта көпірде автомобильдердің салмағын өлшеуге арналған автоматтандырылған жүйелер орнатылуы мүмкін. Бұл жүйелер қазір елордаға кіреберістерде жұмыс істеп тұр, - деді министрлік.
Еске сала кетейік, күні кеше Премьер-министр Олжас Бектенов Бұқтырма су қоймасы арқылы салынған елдегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты.
- Көпір - алты ауданның арасын қосқан маңызды көлік артериясы, бұл аудандарға даму мен экономиканы өсіру үшін жаңа серпін береді. Көпір жаңа логистикалық және туристік маршруттардың басталу нүктесі болады, шығыс жұрты асыға күткен көпір тек оң өзгерістер алып келмек, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив