A+ A A-

talgatzhan 49 22-10-2024, 17:17 0

«Әлеуметтік шиеленіске айналып барады»: ШҚО-да кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалуда?

ШҚО / Үлкен Нарын

Палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашеваның айтуынша, облыстық барлық мәселе кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында қаралды.

- Аталған тақырып аясында әлі де алты мәселе шешімін таппады. Атап айтқанда ,оның үшеуі Үлкен Нарын ауданы кәсіпкерлеріне қатысты. Іскер адамдардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі кеңес отырысында аудан елдімекендерін егжей-тегжейлі тексеру туралы мәселе көтерілді. Свинчатка ауылындағы кәсіпкер жеңілдетілген құрылыс тәсілдерінің жоқтығынан жер учаскесін ала алмай отыр, - деді Катонқарағай аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Болат Қанапин.
Аудан әкімдігі жоспарды әзірлеу үшін бюджеттік өтінім берілгенін және бұл мәселенің облыс мәслихатының алдағы сессиясында қаралатындығын хабарлады. ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы өкілдерінің мәліметінше, аудандағы 21 елдімекенінің тек 12-де жоспар бар, ал Свинчатка ауылында кәсіпкерлерге арналған мұндай жоспар мүлде жоқ.
ШҚО прокурорының аға көмекшісі Нартай Мұратов барлық ауданға аталған жоспарлардың орындалуын бақылап, кәсіпкерлік белсенділікке назар аударуды ұсынды.
- Катонқарағай аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалына ұзындығы 72 шақырым электр желілерінде ақау шығып, сәйкесінше бес елдімекеннің желіге қосылуы бойынша қоңырау түскен. Бұл аумақта 28 фермерлік шаруашылық пен 3 сауда дүкені жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін фермерлер техниканы уақтылы жөндеуге, сондай-ақ ет пен сүт өнімдерін сақтай алмай отыр. Тіпті бұл мәселе әлеуметтік шиеленіске айналып арады, - дейді Болат Қанапин.
Үлкен Нарын аудандық қалпына келтіру қызметі өкілдері берген ақпараты бойынша, ұзындығы 14,2 шақырым электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде екі елдімекендегі мәселе шешілді. Нартай Мұратов жөндеу жұмыстарын инвестициялық жоспарға қосу үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымға хат жолдауды ұсынды.
Аудан кәсіпкері қыста туристер мен демалушылардың базаға кедергісіз кіруіне қатысты мәселені көтерді. Арнайы техниканың болмауынан жолды қардан аршу қиынға түсетінін айтты. Болат Қанапин аудан балансына 1,2 шақырым иесіз автомобиль жолын қосуды сұрады. Автожолды балансқа қою рәсімі басталғанымен, жұмыс жаңа аудан бөлініп шығып, қайта құрылғаннан кейін тоқтатылған. Кеңес қорытындысында Үлкен Нарын ауданының әкімдігіне туристік әлеует үшін аудан балансына 1,2 шақырым жол учаскесін тазалауды және кәсіпкерді қолдау ұсынылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив