A+ A A-

talgatzhan 12 22-10-2024, 17:00 0

ШҚО-да егін жинау жұмыстары аяқталуға жақын

ШҚО

Облыс диқандары тыңайтқыштарды сатып алудың жаңа аванс жүйесінің арқасында өз шығындарын айтарлықтай қысқартты. Бұл жүйе тыңайтқыштарға кететін шығынды 60%-ға азайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірде дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Нақты айтар болсақ, 254,1 мың алқаптан 564 мың тоннадан астам өнім алынды. Ал майлы дақылдардың 90 пайызы дайын. Бұдан бөлек, көршілес Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан елдеріне 70 мың тоннаға жуық бидай ал ҚХР мен Тәжікстанға 1 мыңға жуық күнбағыс экспортталған.
- ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Каджибекованың сөзінше, 2024 жылы ШҚО диқандарына 5820 тонна тыңайтқыш беріліп, оған 513 млн теңге субсидия бөлінді.
- Аталған шара фермерлердің қаржылық жүктемесін азайтып қана қоймай, өнімділіктің артуына да өз ықпалын тигізді. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл қолдау фермерлердің экономикалық жағдайын жақсартып, өңірдегі ауыл шаруашылық өнімдерінің тиімділігін арттырды. Жүйенің негізгі ерекшелігі болып тыңайтқыштар құнының 60%-ын мемлекет тікелей отандық өндірушілерге субсидия түрінде аударып, диқандар оларды 40% жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігіне ие болды, - дейді ол. 
Айта кетейік, 2024 жылдың қыркүйек айында жергілікті бюджеттен тыңайтқыштарды сатып алуға аванс төлемдері үшін 70 млн теңге бөлінген. Бұл қадам ауыл шаруашылық өндірушілердің қажеттіліктерін жылдам шешуге мүмкіндік берді.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив