A+ A A-

talgatzhan 49 23-10-2024, 14:53 0

ШҚО-да қар жауып, көктайғақ болады

ШҚО

«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалы өкілдері 24-ші қазанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай 24-ші қазанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман түсуі ықтимал.
- Құрметті жүргізушілер, жолға шығар алдында жүксалғышта сүйреткіш арқан, ескерту үшбұрышы, жанармай қоры, күрек, қол шам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім және тамақтың бар-жоғын тексеріңіздер. Егер көлігіңіз жабдықталмаған болса, алыс сапарға шықпағаныңыз жөн, - дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдай кезінде бірден «112» нөміріне хабар беріп, құтқарушыларды шақыру үшін ұялы телефон мен қуаттандырғышты әрдайым өзіңізбен бірге ала жүріңіз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив