Фристайл могулдан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері әлі де Ұлттық құраманың үздігі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Спортшыны ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі құттықтап жатыр.
- Мектеп ұжымы фристайл могулдан ҚР Еңбек сіңірген спорт шеберін, XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерін шын жүректен құттықтайды. Сізге мықты денсаулық, жарқын жеңістер, кәсіби мәнсабыңызға табыс тілейміз, - делінген жазбада.
Жерлесіміз төртжылдықтың басты бәсекесінен бөлек, 2019 жылы Парк-Сити қаласында өткен Әлем чемпионатында топ жарып, 2021 жылы Алматыда күміс медаль иеленді.
Азия ойындарының үш дүркін чемпионы және басқа да ірі бәсекелерде тұғырдың ең биігіне жайғасқан.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер