A+ A A-

talgatzhan 32 24-10-2024, 09:50 0

ШҚО-да тұтынушыларға қайтарым сомасы екі есе өсті

ШҚО / Бүгін

Жыл басталғалы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті азаматтардан 671 өтініш қабылдаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратты ҚР ШҚО бойынша сауда және интеграция министірлігі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті басшысының міндетін атқарушы Андрей Троеглазов ұсынды. Оның сөзінше, аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 57,6%-ға артық. 
– Өтініштердің көбейгені, әсіресе, онлайн-платформалар мен Telegram-боттар арқылы жасалған шағымдардың өсуі цифрландыру үдерістерінің халықпен өзара әрекеттесу барысында кең қолданысқа ие бола бастағанын көрсетеді, – 
деді ол.
Мәлім болғандай, биыл тоғыз айда департамент тұрғындарға 23,6 миллион теңгеден астам соманы қайтарып берді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен (10,6 млн теңге) екі есе көп.
– Қайтарылған сома көлемінің өсуі азаматардың құқықтық сауаттылығының артуын және олардың өз құқықтарын қорғауға дайын екенін білдіреді. Біз тұтынушылардың өз мүдделерін қорғауда және растайтын дәлелдерді жинауда белсенділік танытып отырғанын көріп отырмыз, – деді Андрей Троеглазов.
Сонымен қатар Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында сот процестеріне белсенді түрде қатысуды жалғастыруда. Осы шараның нәтижесінде азаматтарға 16 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Фотосурет Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив