A+ A A-

talgatzhan 52 24-10-2024, 12:37 0

Алдағы үш жылда ШҚО мектептері күрделі жөндеуден өтеді

ШҚО

Республика бойынша барлығы 1300 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Тізімде Шығыс Қазақстан бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында ел көлемінде күрделі жөндеуді қажет ететін 1300 мектеп бар екенін еске салды. Бүгінде мектептерді қайта жаңартатын компания нақтыланды. 
- Үкімет әкімдермен бірлесіп демеушілік қаражатты қоса алғанда, қаржыландыру көздерін анықтап, үш жыл ішінде осы мектептерді қайта жаңартуды жүргізуі қажет, - деп тапсырма берді Мемлекет басшысы.
Әзірге облыста күрделі жөндеуден өтетін мектептердің тізімі дайындалып жатыр. Білім басқармасы басшылығы жөндеу тек мектеп ғимараттарының қабырғаларын, шатырларын, іргетастары мен тірек құрылымдарын қалпына келтірумен шектелмейтінін жеткізді.
- «2025-2027 жылдарға арналған орта және жалпы білім беру объектілерінде кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарына» сәйкес технологиялық жабдықтар мен мектеп жиһаздарын жаңарту, асханалар мен кітапханаларды жаңғырту, күрделі жөндеу, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта облыста жаңартуға жататын мектептерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Нұртуған Маратұлы. 
Естеріңізге сала кетейік, соңғы уақытта облыстағы білім беру нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылы карантин уақытында жүргізілді. Сол жылы мектеп оқушылары соңғы тоқсанды қашықтан оқыды. Бұл сабақтар мен емтихандардың аяқталуын күтпестен жөндеу жұмыстарын бастауға мүмкіндік беріп еді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив