A+ A A-

talgatzhan 49 24-10-2024, 13:50 0

ШҚО әкімі Республика күні қарсаңындағы шарада өңір өндірісіне тоқталды

ШҚО / Бүгін

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев салтанатты шара кезінде Қазақстанның  тұрақты экономикасы мен белсенді сыртқы саясаты қалыптасқан мемлекет ретінде дамып келе жатқанын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның сөзінше, соңғы бес жылда елімізде саяси жүйені түбегейлі өзгерту арқылы ауқымды реформалар жүргізілді.
– Азаматтардың қоғамдық санасы жаңғырып, құқықтық мәдениет деңгейі артты. Жаңа мінез-құлық үлгілері қалыптасып, құндылықтар орнығуда, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ Ермек Көшербаев өңірде үкімет ашықтығы мен азаматтық қоғам институттарымен серіктестік назардан тыс қалмағанын айтады. Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу қоғамдық әлеуетті мобилицазиялау мен ресурстарды кезең-кезеңімен пайдалануды талап етеді.
Аса маңызды жобалардың бірі – Орталық Азиядағы ең ұзын өткел саналатын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің ашылуы. 
– Бұл көпір жеті ауданды біріктірді. Ол еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтып, өңір дамуына үлес қосады, - деді Ермек Беделбайұлы.
Сондай-ақ қараша айында титан қорын шығаратын зауыт құрылысы бойынша «IREL Limited» үнділік компаниясымен келісімшартқа қол қойылмақ. Бұл қазақстандық титанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Облыс басшысының сөзінше, республиканың барлық жетістігі – тұтас қоғамның бірлігі мен ерең еңбегінің жемісі.
Жиын соңында ол жоғары жетістіктерге ұмтылудың қаншалықты маңызды екенін айтып, қазақстандықтарға жылы лебізін білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив