Қазан айының 25-і күні облыстың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалы өкілдері 25-ші қазанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды.
- Облыстың шығысында қар аралас жауын жауып, қалың тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығындағы жел жылдамдығы 15-20 м/с мөлшерінде болады, - делінген ақпаратта.
Төтенше жағдай кезінде бірден «112» нөміріне хабар беріп, құтқарушыларды шақыру үшін ұялы телефон мен қуаттандырғышты әрдайым өзіңізбен бірге ала жүріңіз.
Пікірлер