A+ A A-

talgatzhan 63 29-10-2024, 12:30 0

ШҚО-да республикалық интеллектуалдық конкурс өтті

ШҚО

Өскеменде 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс орталығында 27-29 қазан аралығында мектеп жасындағы оқушылар арасында республикалық интеллектуалдық конкурс өтті. Екі күнге созылған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен оқушылар келіп, өз бақтарын сынады. Аталған байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да өтті. Шараның негізгі мақсаты - туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті ояту. Конкурс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Айгүл Әкімкерейқызының сөзінше, елге қызмет істеу - әр адамның басты міндеті.
- Шығыс жұртшылығы өте жоғары деңгейде қарсы алды. Осындай ауқымды шараны өткізуге ат салысқан барша азаматтарға алғысым шексіз. Әсіресе ШҚУ ректорына ерекше ықыласымды білдіремін. Шырайлы мекенге қанша рет келіп, қандай дүние өткізсек те өз көмегін аямайды. Бүгін міне айтулы додамыз өз мәресіне жетті. Жарыс жеңімпаздырын шын жүректен құттықтаймын. Олар әлі де талай биік белестерді  бағындырады деген сенімдемін, - деді ол.
Конкурсқа еліміздің әр аймағынан облыстық іріктеу кезеңінен өткен 100-ден астам 9-10 сынып оқушылары қатысты. Аудандық кезеңге 7000-нан астам, облыстық кезеңге 1600 оқушы қатысуға мүмкіндік алды. 
- Мен жеңімпазы атандым, қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Жарыс оңай болған жоқ, қарсыластарым өте жоғары дайындықпен келген. Дегенмен менде аянып қалмай, бар күш-жігерімді салдым. Барлығы әділ өтті, - деді Маңғыстау өңірінен келген жарыс жеңімпазы Кәусар Кеңесбай.

Республикалық кезең екі айналымда өтті. Атап айтқада, І айналым – Қазақстан тарихына қатысты сұрақтар бойынша тестілеу болса, ІІ айналымда оқушылар 4 номинация бойынша сайысқа түсті.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив