A+ A A-

admin 41 30-10-2024, 11:30 0

Өскеменде емханадағы дәрі кезегі мәселесіне байланысты Денсаулық сақтау басқармасынан түсінік берді 

ШҚО / Өзекті мәселе

Бұған дейін Өскемендегі №2 емханада тегін дәрілерді алуға адамдардың таңғы сағат 4-тен кезекке тұрғаны жайлы ақпарат тараған. Соған орай ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан жауап берді. 

«№2 емханада жағдайды реттеу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. «Әлеуметтік әмиян» сияқты инновациялық әдістердің арқасында халыққа тегін дәрі-дәрмекті беру процесі жылдамдады. Бірақ қарт адамдар осы цифрлық мүмкіндікке енді ғана бейімделіп, пайдасын түсіне бастады», - деп хабарлады басқармадан.
Ведомство дерегінше, емханадағы әлеуметтік қызметкерлер өз бетімен қозғала алмайтын науқастар мен 80 жастан асқан жалғызілікті жандардың үйлеріне қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізіп, ауқымды жұмыстар атқаруда. Сондай-ақ емхана мамандары Жұмыспен қамту орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олардың әлеуметтік қызметкерлері де өз қамқорлығындағыларға дәрі-дәрмекті жеткізіп отырады. 
«Қазір №2 емхананың арнайы колл-орталығы жұмыс істеп тұр. Дәрі-дәрмек сатып алуға өтініштерді мына телефондар бойынша айтуға мүмкіндік бар: +7 (7232) 48-91-55, +7 (778) 003-70-49. Емхананың науқастарды қолдау қызметінің бүгінгі мониторингі тегін дәрі-дәрмек алатын жалпы халықтың 75 пайызын қарт адамдар құрайтынын көрсетті. Дәрі алуға кезектің қалыптасуына осы себеп болып отыр. Әлеуметтік әмиян аясында бүгінде 80-нен астам адам қажетті дәрі-дәрмектерді алды», - делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив