Облыс бойынша ең көп жоба облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жауапкершілігіне жүктелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жұманованың сөзінше, бүгінде облыс халқының 33 пайызын құрайтын 243 мың адам ауылда тұрады. Барлығы 350 елдімекен бар.
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап тірек және өзге де ауылдарды әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Соның дамытып, алға қойылған межені орындау үшін 24 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. 14 әлеуметтік нысан салынып, 34 ғимарат жөнделді, - деді басшының міндетін атқарушы.
Динара Жұманованың ақпаратынша, биыл аталған бағдарлама аясында 89 жобаны іске асыру қолға алынып, 31-і аяқталды. 58 жоба бойынша жұмыс әлі жалғасуда. Барлығы 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Облыс бойынша ең көп жоба облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жауапкершілігіне (6 жоба) жүктеліпті. Одан кейін білім басқармасы (4 жоба) мен денсаулық сақтау басқармасы (4 жоба) тұр.
Фотосурет inbusiness.kz
Пікірлер