Ертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалы өкілдері 31-ші қазанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды.
- Облыстың батысы мен орталығында тәулік бойы тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстік-шығысындағы желдің екпіні 15-20 м/с болады, - делінген ақпараттта.
Төтенше жағдай кезінде бірден «112» нөміріне хабар беріп, сондай-ақ құтқарушыларды шақыру үшін ұялы телефон мен қуаттандырғышты әрдайым өзіңізбен бірге ала жүріңіз.
Пікірлер