A+ A A-

talgatzhan 54 31-10-2024, 14:00 0

ШҚО әкімі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

ШҚО

Өскеменде Қазақстанның әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі.

Жиында қалалар мен аудандарда халықты әлеуметтік қорғау саласында жемісті еңбек етіп жүрген үздік қызметкерлер марапатталды. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні жыл сайын қазан айында тойланады. Кәсіби мереке шаһардағы "Ертіс концерт" ғимаратында аталып өтті. 

Шара барысында концерттік бағдарлама ұсынылып, өнерпаздар облыс халқына керемет көңіл-күй сыйлады. Содан соң сала қызметкерлерін мейрамдарымен аймақ басшысы Ермек Беделбайұлы құттықтап, үздік қызметкерлерге Алғыс хат пен гүл шоқтарын табыстады.
- Мейірімге, қамқорлыққа мұқтаж жандарды, балаларды бақытқа бөлеп, жан жылуын беріп келе жатқан әлеуметтік қызметкерлердің еңбектері өлшеусіз. Осы орайда сала мамандарына шынайы ықыласымды білдіремін. Олар абыройлы міндетті арқалап жүр. Қилы тағдырды бастан кешіп, соған қасқайып қарсы тұрған жандардың өміріне қуаныш сыйлап,  мейірім төгіп жүрген сіздерге шын жүректен алғыс айтамын, - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста әлеуметтік қорғау жүйесінде 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның 700-ден астамы әлеуметтік қызметкер.
Риддер қаласының псхионеврология орталығының қызметкері  Гүлмайра Бекбосынованың осы салада қызмет атқарып келе жатқаныма жиырма жылдан астам уақыт болған.
- Тағдырдың тәлкегіне түсіп, қиындықтың қамытын киген жандар аз емес. Сынаққа ұшыраған сол адамдарға көмектесіп, олардың өмірін жарқын ету үшін барымызды саламыз. Істеген жұмысымызды ескеріп, осындай марапат ұсынған өңір басшысына зор алғысымды білдіремін, - деді ол.
Бүгінгі таңда аймақтағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде күн сайын 2 мыңнан астам адам жан-жақты көмек алып отыр. Өңірде үйде күтім көрсету жағдайындағы қызмет көрсетумен 5073 мүгедектігі бар адам қамтылған. Оның 462-сін балалар мен қарттар құрайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив