Кендірлік өзенінде жаңа су қоймасын салу жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы «Қазсушар» РМК ШҚО филиалының директоры Нұржан Әміржанов Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте мәлімдеді.
- 2025-2028 жылдары Зайсан ауданындағы Кендірлік өзенінде жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр, - деді Нұржан Әміржанов.
Сондай-ақ 2025 жылы Үйдене және Қандысу су қоймалары қайта жаңғыртылмақ. Қазір жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.
Пікірлер