A+ A A-

33 5-11-2024, 10:50 0

Өскеменде бір күнде екі кітаптың тұсауы кесілді

ШҚО / Бүгін

Жуықта А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен шарада «Катонқарағай - аңыздар өлкесі», «Көккөлдегі көразап»  кітаптары оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Катонқарағай өңірінің әйгілі Мұзтау түбіндегі Көккөл кенішінің жансебіл кеншілеріне арналған «Көккөлдегі көразап» және өңірдің аңызға бай өлкесінің мол мұрасы жинақталған «Катонқарағай аңыздар өлкесі» кітаптарын оқырмандар жылы қабылдады. 
Қос кітаптың авторы 40 жылдан астам ғұмырын кітапхана саласына арнаған, Қазақстан Республикасының «Еңбек сіңірген қызметкері», Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерекелік медалі, М.Ауезов атындағы медальдарының иегері Ардагер кітапханашы, өлкетанушы – Гүлзира Жұмағұлова. Автор түрлі мекемелерде кітапханашы болып жазушы Оралхан Бөкей шығармаларын  насихаттауда көп еңбек сіңірген жан.

– Ұзақ жылдар кітапхананың өлкетану бөлімінде жұмыс атқарған Гүлзира апайдың тынымсыз ізденімпаз еңбегі бүгін естелік кітап болып оқырманға жол тартты. «Катонқарағай – аңыздар өлкесі» кітабы бірнеше бөлімнен тұрады. «Алтай өңірі туралы мифтік аңыздар», «Топонимдік аңыздар», «Тарихи аңыз әңгімелер» «Шежіре аңыздар» сияқты тылсым-құпияға толы аңыз әңгімелер оқырманды бірден өзіне баурап алады. Ал «Көккөлдегі көразап» кітабы Мұзтау түбінде орналасқан, кезінде вольфрам концентратын соғыс мақсатында өндірген «Көккөл» кенішінің жансебіл кеншілеріне арналады. Автордың көпшілікке жол тартқан қос туындысы оқырманның сүйікті кітабына айналары сөзсіз, – делінген А.С.Пушкин атындағы кітапхана қызметкерлері ұсынған ақпаратта.
Осылайша, рухани орда қоры тағы да жаңа тарихи, тағлымды кітаптармен толықты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив