A+ A A-

talgatzhan 66 5-11-2024, 15:30 0

Катонқарағайдағы фототұзаққа сирек кездесетін жануарлар ілікті

ШҚО

«Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзаққа сирек кездесетін жануарлар ілікті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Табиғи парктегі фототұзаққа сирек кездесетін жануарлар – сілеусін мен сібір тау ешкісі түсіп қалды. Объективке тау үстіне қонып, айналасын шола қарап отырған бүркіт те іліккен. 

«Бұл кадрлар жабайы табиғатты зерттеу және сирек жануарларды қорғау үшін маңызды дереккөзіне айналмақ. Мұндай деректер Оңтүстік Алтайдың биологиялық алуантүрлілігін зерттеу мен сақтауға зор мүмкіндік береді», - деп хабарлады «Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен. 

Еске салсақ, осы жылдың қазан айында Катонқарағайда екі аланын ертіп бара жатқан ілбіс фототұзаққа түсіп қалғанын жазған едік. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив