A+ A A-

talgatzhan 30 11-11-2024, 11:23 0

Өскемендік семсершілер Әлем кубогінде жүлдеге іліге алмады

Спорт / ШҚО / Бүгін

Биыл өткен Париж Олимпиадасында медальдан үмітті болған спортшылар жуықта Швейцарияда жалауын көтерген алғашқы ірі сайыстарына қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық құрама мүшелері Берн қаласында семсерлесті. Іріктеу сындарынан сүрінбеген Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов және Ерлік Сертай төрттігі ширек финалға дейін жеткен болатын.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің дерегінше, Әлем кубогінің кезеңіне рейтингіде алдыңғы орында тұрған құрамалардың біршамасы қатысты.
Мәлім болғандай, 1/16 финалда құрама мүшелері Данияны 31:30 есебімен, әрі қарай Украинаны 33:32 есебімен тізе бүктірді. 
Шиеленісті кездесулерде жеңісті жұлып кеткен төрттік ширек финалда сүрінді. Бұл жерде спортшылар мажарстандық семсершілерге 36:45 есебімен жол берді. 
Аздан соң 5-8 орындар үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Швейцариядан 42:45 есебімен ұтылды. Дегенмен жетінші орын үшін болған кездесуде жігіттер жинақылық танытып, Нидерланд құрамасын 45:40 есебімен тізе бүктірді.
Қорытындысында, құрамында өскемендік Руслан Құрбанов және Вадим Шарлаимов бақ сынаған ел құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша 7-орынға табан тіреді. 

Фотосурет zhaikpress.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив