A+ A A-

talgatzhan 81 25-11-2024, 11:30 0

Өскемендік семсершілер Әлем кубогі кезегінде жүлдегер атанды

Спорт / ШҚО / Бүгін

Ұлттық құрама сапындағы шпагашылар Канаданың Ванкувер қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Спортшылар қазір жаһандық рейтингіде үздік бестікте тұр. Нәтиже кездейсоқ емес екенін Канада жерінде тағы бір дәлелдеді. Олар алдымен Гонконг құрамасын - 45:31 есебімен ұтты. Ширек финалда Италиядан - 45:28 есебімен айласын асырғандарымен, жартылай финалда 28:45 есебімен Жапонияға есе жіберді.

Үшінші орын үшін тартыста Франция спортшыларын 35:34 есебімен жеңді. Алтын медаль Венгрия елінің қоржынында кетті. Олар финалда Жапония шпагашыларынан басым түсті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының намысын Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов (екеуі де Өскемен), Элмир Әлімжанов және Ерлік Сертай қорғады.

Фотосурет: Olympic.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив