A+ A A-

talgatzhan 57 24-12-2024, 11:30 0

Азамат Дәулетбеков Дінмұхамед Қонаев атындағы турнирде топ жарды

Спорт / Бүгін

Семейлік палуан іріктеуден бастап, әр белдесуін сенімді өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бозкілем бәсекесі Тараз қаласында өтті. Бірінші рет ұйымдастырылған жоқ. Мұның алдында да жаңа есімдер анықталып, мықты палуандар мұхит асып келіп қатысқан болатын.
Көп салмақта қазақстандық палуандардың мерейі үстем болды. Солардың бірі – семейлік Азамат Дәулетбеков. Естеріңізде болса, еркін күрес шебері биыл өткен Париж Олимпиадасында 86 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Бірақ алғашқы айналымда АҚШ өкілі Аарон Бруксқа жол беріп, жарысты жүлдесіз аяқтады.
Тараздағы халықаралық турнирде ол 92 келіге дейін салмақта жарыс жолына шықты. Әр белдесуін сенімді өткізіп, шешуші сында өзбек спортшысы Шерзод Пойоновен шеберлік байқасты. Қорғаныста сауатты өнер көрсеткен семейлік палуан қарсыласына бірде-бір ұпай бермей, 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Сөйтіп, қоржынын кезекті алтын медальмен толықтырды. 

Фотосурет Nur.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив