A+ A A-

talgatzhan 48 24-12-2024, 12:10 0

Риддерлік палуан халықаралық турнирде күміс медаль иеленді

Спорт / Бүгін

Биыл да біршама мықтының басын қосқан аламанда жерлесіміз финалға сүрінбей жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тараз қаласындағы жарыс әр жылы әлемдік рейтингіде көш бастаған таңдаулы палуандардың басын қосады. Биыл да сол үдеден шығып, күрес десе ішкен асын жерге қояр жанкүйердің айызын қандырар белдесулер өтті. Өздеріңізге белгілі, жаһандық деңгейде 65 пен 74 келіге дейінгі салмақта бәсекелестік ерекше қызып тұр. Соған шығысқазақстандық палуандар біршама үлес қосып жүр. Абай өз алдына облыс болып құрылғанға дейін көкпектілік, жармалық, үржарлық спортшылар Шығыс Қазақстанның намысын арқалап жүрді. Соның бірі – Көкжайық ауылының тумасы Данияр Қайсанов. Ол екі дүркін Азия чемпионы, 2019 жылы елордада өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Токио Олимпиадасында қола медальға қол жеткізе алмағанымен, 74 келіге дейінгі салмақта біраз мықтымен иық тірестеріне күресті.
Одан кейін Самар ауданының тумасы Шыңғыс Мұхаметқалиев жастар арасында Азия чемпионатының қола медалін иеленіп, жерлестерін бір қуантты.
Ендігі үміт күттіретін спортшылардың бірі – Риддер тумасы Егор Анчугин. Тығыршықтай жігіт. Мінезді. Ұзақ уақыт 70 келіге дейінгі салмақта күресіп, кейінірек кей жарыста 74 келіге дейінгі салмақта мүмкіндігін сынап жүрді.
Тараздағы бәсекеде финалға дейін аптықпай жетті. Тек чемпион атануға сынық сүйем қалғанда сүрінді. Қарсыласы да оңай емес. 2019 жылы жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы атанған. Риддерлік еркін күрес шеберінің қателігін күткен ол мүмкіндігін мүлт жібермеді. Мерзімінен бұрын жеңіп, алтын медальді мойынға тақты. Ал Егор Анчугин Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық жарысты екінші орынмен аяқтады. Айта кетерлік жайт, спортшы бүгінде Алматы қаласының атынан белдесіп жүр. 2004 жылы туған. 57 келіге дейінгі салмақта 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы, Д.Қонаев атындағы турнирде былтыр қола медаль (70 келі салмақта) еншілеген.
Фотосурет Егор Анчугиннің жеке парақшасынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив