Өскемен соты облыстық қылмыстық департаменттің екі қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, №17 мекеме басшысының экс-орынбасары мен аға инспектор 5,8 миллион теңге ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ олардың тұрғын үй комиссиясына жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы жалған ақпарат бергені анықталды.
- Мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызметті атқарудан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ сотталғандар әділет майоры және лейтенанты шендерінен айырылды.
Пікірлер