A+ A A-

talgatzhan 22 Кеше, 18:15 0

Тарбағатайда су үнемдеу технологиялары енгізіліп жатыр

Бүгін / Тарбағатай

Жетіарал ауылындағы «Қызылбұлақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы егістік алқаптарын игеру жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қолға алынған. Бағдарлама арқылы кооператив жеңілдетілген несие алып, заманауи жаңбырлатып суару жабдықтарын сатып алған. Бүгінде монтаждау жұмыстары толық аяқталды. 

Шаруашылық өз қаражаты есебінен де инвестиция салып отыр. Нәтижесінде су ұңғымасы қазылып, сыйымдылығы 60 текше метр болатын су жинақтаушы қойма дайындалған. 

Қазіргі уақытта 2 дана жаңбырлатып суару машинасын жеткізуге келісімшарт жасалды. Аталған суару машиналарын көктем мезгіліне дейін толық орнатып, іске қосу жоспарланып отыр. Бір суару машинасы 50 гектар егістік жерді игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоба аясында тамшылатып суару жүйесі енгізіліп, ол 3 гектар аумақты қамтитын болады.

Айта кетейік, «Қызылбұлақ» кооперативінің иелігінде жалпы көлемі 260 гектардан астам егістік жер бар. Биыл оның 150 гектарына су үнемдеу технологиялары енгізілмек. Қазір мұнда картоп, қарбыз, қияр және өзге де көкөніс дақылдары өсірілуде. 

Жобаның толық жүзеге асуы өңірдегі суармалы жер көлемін ұлғайтып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

 

Ақпарат және фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив