30 мамыр күні сағат 20:30 шамасында "Шығыстүстімет" ЖШС-ның Артемьев шахтасында тау жынысының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында құзыретті мамандар мен уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен тергеу басталды.
- Бұл – бүкіл ұжымның қабырғасын қайыстырған ауыр қайғы. Біз әріптесіміздің отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасамыз. Компания марқұмның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетеді. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау және болашақта осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін қосымша қандай шаралар қажет екенін түсіну компания үшін аса маңызды. KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Андрей Третьяков арнайы құрылған комиссия мүшелерімен үнемі байланыста және оқиға орнына жол тартты, – делінген хабарламада.
Пікірлер