A+ A A-

talgatzhan 40 6-11-2024, 11:34 0

ШҚО-да қар тазалайтын техника жетіспейді

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі жол қызметтерінің өкілдері қар тазалайтын техниканың жетіспей жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қазір өңірде алдағы қыс мезгіліне жан-жақты дайындық жүргізіліп жатыр. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы қар тазалау техникасының 90%-дан астамы дайын тұр. 
Алайда облыста қардың қалың жауатынын ескерсек, қажет техника саны жеткілісіз. 
- Жауын-шашын көп болған кезде техника тапшылығы байқалады. Бірақ резервтік жалға алатын техника қарастырылған. Келісімшарт арқылы қосымша көлікті пайдалана аламыз. Сондай-ақ биыл «Қазавтожол» компаниясымен меморандум жасалды. Олар да техника жағынан көмек көрсетеді, - деді «ОблШығысЖол» ЖШС жол қауіпсіздігі қызметінің басшысы Ришат Күдербаев.
Айта кетейік, қалың қар жауғанда жолды тазалау 5-8 сағат аралығында жүргізіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив