Өскемен гарнизонының Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінде сарбаздарға үш мезгіл тамақ беріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Таңғы асқа жарма немесе ботқа ұсынылады. Түскі асқа көкөністен жасалған салат, бірінші мен екінші тағам, алма, апельсин, банан сынды жеміс түрлері бар. Кешкі асқа да тойымды әрі нәрлі тамақ беріледі. Күнделікті ас мәзірі ағзаға қажет ақуыздар, майлар, көмірсулар мен дәрумендердің нақты мөлшерін қамтиды. Барлығы нормаға сай. Сарбаздар аспаздардың дайындаған тағамдары үйдегідей дейді. Тіпті алма, томат шырыны да бар.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер