A+ A A-

talgatzhan 26 6-11-2024, 14:50 0

ШҚО-да ертең көктайғақ болады

Бүгін / ШҚО

«Қазгидромет» ШҚ филиалы өкілдерінің ақпаратынша, 7 қарашада өңірдің солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с-қа жететін жел соғады. Батыс, солтүстік, шығыс аумақтарда жел жылдамдығы 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с болуы ықтимал. Синоптиктердің айтуынша, ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін. 
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мамандары жолға шығар алдында «Дармен» қосымшасы арқылы бара жатқан жердің ауа райы, жолдың жай-күйі туралы ақпаратпен танысуды сұрайды. 
– Сондай-ақ автокөлікті сүйрейтін трос, жанармай, күрек сынды құралдар мен жылы киімдерді ала шығуды еске салады. Егер көлігіңіз қысқы мерзімге дайын болмаса, алыс жолға шықпаған жөн. Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар, – делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив