Биыл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу құны 10,7%-ға қымбаттады. Бір жыл бұрын баға 15,5%-ға өскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірлер бойынша ТҚКС қызметтерінің бағасы Алматы облысында 1,7%-ға артса, Батыс Қазақстан облысында бірден 33,5%-ға дейін шарықтап кеткен. Көшбасшылар қатарында Ақмола (20,3%), Шығыс Қазақстан (19,4%) облыстары мен Астана қаласы (19,4%) бар.
Қызмет түрлеріне келсек, шиналарды орнату қызметінің құны бір жылда 10,2%-ға өссе, көлік жуу қызметі 12,1%-ға артқан. Ал техникалық байқау бағасы 9,5%-ға қымбаттады.
Пікірлер