A+ A A-

talgatzhan 40 7-11-2024, 09:30 0

ШҚО-да дропперлерден 62 миллион теңге өндірілді

Бүгін / ШҚО

ШҚО прокуратурасы алаяқтарға қылмыстық қаржылық операцияларды жүзеге асыруға көмектесетін жеке тұлғалардың қатысуымен алаяқтық фактілерінің көбеюін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бас прокуратура мен Жоғарғы Соттың бірлескен жұмысы аясында ҚР Азаматтық кодексінің негізсіз баю туралы 953-бабы негізінде дропперлерден қаражат жинау тетігі әзірленді.
Бүгінгі таңда сотқа 83 жәбірленушіден 160 миллион теңгеден астам сомаға талап-арыздар түсті. Оның 52-сі қанағаттандырылып, дропперлерден 62 миллион теңгеден астам ақша өндірілді. Қалған істер қаралуда.
- Егер дропперлердің алаяқтыққа қатысы бар деп танылса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Прокуратура азаматтарға оңай табыс табу туралы ұсыныстардан сақ болуды, жеке деректерді бермеуді және мұндай схемаларға қатысудан бас тартуды ұсынады. Алаяқтық болған жағдайда, талап қою тәртібі туралы ақпарат алу үшін полицияға немесе прокуратураға хабарласуды ұсынамыз, - деді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив