Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышовтың 11 маусым күні шаһар аумағын аралау барысында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әкім қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне Карбышев көшесінің Виноградов көшесімен қиылысынан Гагарин бульварына дейінгі бөлігін мүмкіндігінше қысқа мерзімде жөндеуді тапсырды. Аталған учаскеде көлік кептелісі жиі болғандықтан, жол сапасын жақсарту қажеттілігі туындаған. Сондай-ақ әкім Бульвар Гагарин аумағын абаттандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
– Бүгін Бульвар Гагарин ауданын аралап шықтым. Тексеру барысында шөп шабу, ағаш бұтақтарын кесу, жол жабынының жағдайы және көгалдандыру мәселелері қаралды. Анықталған кемшіліктерді жою үшін жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді, – деп жазды Алмат Ақышов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жоспарға сәйкес, Гагарин бульварында аумақты ретке келтіру, санитарлық жағдайды жақсарту және қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылады. Атап айтқанда, гүлзарлар отырғызылып, жол жабыны жаңартылады. Сонымен қатар жаңбырлы маусымда су жиналмауы үшін дренаж жүйесі орнатылып, басқа да абаттандыру шаралары жүзеге асырылады.
Пікірлер