Аудан прокуратурасының бастамасымен және полиция бөлімінің қатысуымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы мен «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерінде «Біз есірткіге қарсымыз» және «Жол қозғалысы ережелерін сақтаймыз» тақырыптарында эстафеталық жарыс пен сурет байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері балаларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, қызметтік көліктермен таныстырды.
Іс-шара балалардың қызығушылығын тудырып, салауатты өмір салтын ұстануға деген ынтасын қалыптастыруға, заң мен құқықтық тәртіпке құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.
«Көңілді эстафета» байқауының қорытындысы бойынша 3 орынды «Достар» командасы, 2 орынды «Қазақ рухы» командасы, ал 1 орынды «Тұран-1» командасы иеленді. Сурет байқауында 3 орын «Тұран-1» командасына, 2 орын «Достар» командасына, ал 1 орын «Қазақ рухы» командасына бұйырды.
Сонымен қатар іс-шара барысында аудан прокуратурасы полиция бөлімімен бірлесіп балалармен профилактикалық әңгіме өткізді. Онда жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау мәселелері түсіндірілді.
Пікірлер