A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:45 0

Өскеменде түрмеге телефон өткізбек болған ер адам ұсталды

Бүгін / Өскемен

Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінің сарбаздары №16 мекеме маңындағы тыйым салынған аймақты патрульдеу кезінде 41 жастағы тұрғынды қолға түсірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Тексеру барысында ер адамның түрменің сыртқы қоршауы арқылы екі ұялы телефонды ішке лақтырмақ болғаны анықталды.
Тыйым салынған заттар оқиға орнында тәркіленді. Аталған дерек бойынша тиісті материалдар рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.
Құқық қорғау органдары түзеу мекемелеріне байланыс құралдары мен өзге де тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеттері заңмен жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив