A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:55 0

Риддер тұрғыны 33 жылдан кейін куәлік алды

Бүгін / Риддер

Әйел 33 жыл бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Соның салдарынан ол көптеген мемлекеттік қызметті пайдалана алмай, күнделікті өмірде түрлі қиындыққа тап болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Көмек сұрап жүгінгеннен кейін көші-қон қызметінің инспекторлары оның жағдайын жан-жақты зерттеп, қажетті құжаттарды жинап, жеке куәлікті рәсімдеудің барлық кезеңінде қолдау көрсетті.
Көптен күткен құжатын қолына алған тұрғын полицейлерге алғыс білдірді.
– Бұл мәселені шешемін деп ойламадым. 33 жыл құжатсыз жүрдім. Қазір өзімді жаңа өмір бастағандай сезінемін. Кәсібилігі мен қолдауы үшін полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін, – деді ол.
ШҚО Полиция департаменті мәліметінше, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары штаттық режимде жалғасуда. Жеке басын куәландыратын құжаттарға қатысты мәселелер туындаған жағдайда азаматтар көші-қон қызметінің кез келген аумақтық бөлімшесіне жүгіне алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив