A+ A A-

talgatzhan 63 7-11-2024, 14:19 0

ШҚО-дағы сотталғандар монша жасап жатыр

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында қатаң режимдегі №18 түзеу колониясында жазасын өтеп жатқандар монша құрылысын қолға алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұл жоба үш ай бұрын қолға алынған. Құрылыс саласында тәжірибесі бар Тимур есімді сотталушы монша жасау туралы ұсыныс білдірген. Қазір 15 адам жұмыс істейді. Болашақта штатты 55-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сотталғандар жапондық және ресейлік өндірушілердің тәжірибесіне сүйенеді екен. 
Модульдік ванналар мәрмәр қиыршықтарымен қапталған жеңіл және жылы полистиролбетоннан жасалады. Құрылыс материалдары 300 жылға дейін пайдалануға жарамды. Әр моншаның салмағы шамамен 5,5 тоннаны құрайды. Бір ерекшелігі - жылуды бір аптаға дейін сақтай алады. 
Қазіргі таңда алғашқы тапсырыс Ақмола облысына жеткізілді. Мұнымен тоқтап қалмай, жылы аялдамалар, сауда павильондары мен тұрғын үй модульдерін шығару жоспарлануда.

Фотосурет: polisia.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив