A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 14:25 0

Ұлан ауданында мал шаруашылығы қалдықтарын өңдейтін зауыт салынуы мүмкін

Бүгін / Ұлан

Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір облыс көлемінде жалпы құны 14 млрд теңгеден асатын үш ірі инвестициялық жобаны іске асыру мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аталған мәліметпен облыс әкімдігінде өткен отырыста Туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ирина Смит бөлісті. Оның айтуынша, қазір Ұлан ауданында мал шаруашылығы қалдықтарын терең өңдейтін зауыт салу жобасы талқылану сатысында. Жаңа кәсіпорын ауыл шаруашылығы қалдықтарын тиімді өңдеп, жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сондай-ақ Ұлан ауданында «Алтай Құс» аталатын құс фабрикасын салу жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Катонқарағай ауданында ірі туристік кешен құру бастамасы да қарастырылуда.

Әкімдік отырысында айтылғандай, жобалардың іске асырылуы жаңа жұмыс орындарын ашып, салық түсімдерін арттыруға ықпал етпек.

Фото: DairyNews

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив