A+ A A-

talgatzhan 58 7-11-2024, 17:26 0

ШҚО-да «Есірткіге жол жоқ!» акциясы жалғасуда

Бүгін / ШҚО

Облыста «Жастар рухы» жастар қанатының ШҚО филиалының қолдауымен «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Акция аясында «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенттері, «Сөйле» тілдесу клубының тренері Шабданбекова Анжелика, ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы өкілдері есірткі құралдарын сатып алу арналарының жарнамасы бар графитилерді өшіріп, ақпараттық парақшаларды ілді.

Іс-шараның мақсаты - балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы иммунитетті тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, темекі, алкоголь және психотроптық заттардан бас тартуға шақыру.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив