Түнгі сағат 23:40-та сегіз жастағы баланың автобус аялдамасында тұрғанын көрген куәгерлер полиция қызметкерлерін шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшысы куәгерді алкольді мас күйде деп айып таққан. ШҚО ПД кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта заңды өкілдерсіз сыртта жүргені үшін ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ профилактикалық әңгіме жүргізілді.
- Учаскелік полиция инспекторымен «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі туралы» Заңның талаптарын сақтау туралы әңгіме жүргізілді, - деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, сағат 22:00-ден кейін балалардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз үйден тыс жерде жүрмегені жөн.
Пікірлер