Прокурордың апелляциясынан кейін ғана ер адам өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам көлікьі мас күйінде басқарғаны анықталды. Алайда Самар аудандық соты аталған факті бойынша дәлелдерге қарамастан сотталушы негізсіз ақтап алды.
Ал 23 қазан күні аудан прокурорының апелляциялық шағымы арқылы ШҚО соты ер адамды кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан және өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Пікірлер